Аудандық мәдениет үйінде байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай кітапхана қызметкерлері «Журналист- қазіргі заман тарихшысы» атты кітап көрме ұсынылып, шолу жасалды. Кітап көрме екі бөлімнен тұрады: 1) Жергілікті ақын- жазушылардың кітаптары., 2) «Журналистика – күнделікті өмірдің жарысы» бөлімінде баспа бетіндегі журналистердің мақалалары.

Көктөбе орта білім беру мектебінің жазғы мектеп алды лагерінің «Күншуақ»тобы оқушыларына аудандық кітапхананың қызметкерлері «Қазақстан» сұрақ жауап викторинасын өткізді және жазғы демалыстарын тиімді өткізу үшін “Менің отаным Қазақстан”, “Қазақстандағы жануарлар әлемі”, “Ғажайып омыртқасыздар”, “Бунақденелілер”, “Құстар”атты қызықты кітаптар ұсынылды.

Жастар уақыты 16 маусымда С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Павлодар облысының көпшілік кітапханашылары арасында «Жастар уақыты» атты кәсіби шеберлік байқауының қорытындысын шығарды.

Қатысушылар-30 жасқа дейінгі кітапхана мамандары. Байқау кітапхана саласы қызметінің жоғары стандарттарын сақтауға, кәсіби шеберлік көшбасшыларын анықтауға, жас мамандарды ынталандыруға, әлеуметтік маңызы бар кітапханалық-ақпараттық жобаларды ілгерілетуге, кітапханашы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.

Аудандық және қалалық кітапханаларда өткізілген іріктеу турларының қорытындысы бойынша Май ауданынан С.Б.Шарманова қатысты.