Шараға «Ертіс Адалдық алаңы» жобалық офисының Май ауданындағы өкілі Балтабаева Дана Нұрахметқызы, «Қожабек мешітінің» бас имамы Берік қажы, Көктөбе жалпы орта мектебінің сегізінші сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.
Шара барысында өскелең ұрпақтың сана-сезіміне сыбайлас жемқорлық түсінігі дұрыс қалыптастыру, пара беруші де, алушы да заң бұзушы болып саналатыны туралы әңгімеленді. Яғни, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білуіміз керек екендігін көрсетті.