Кітапханаға бүкіл отбасымен келуді біздің жерлестеріміз жақсы дәстүрге айналдырды. Бос уақыттарын тиімді пайдаланып Апушовтар отбасы қыздары Айзеремен бірге келіп кітап, ақпараттық журналдар оқып, мерзімді баспа беттеріндегі жаңалықтарымен танысты. Кішкентай оқырмандарымыз Айлана мен Радмир ата — әжесімен келіп ертегілер оқып «Теңіз қарақшылары», «Аюлар қаласы» кітаптарындағы таңғажайп оқиғалардың мазмұнымен бөлісті.