Біздің мекен-жайымыз: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 40

Май ауданының " Орталықтандырылған кітапхана жүйесі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Май жерлері олармен мақтанады

Ғалымдар

1. Әбділдин Жабайхан – академик, философия ғылымдарының докторы.
2. Сүлейменов Арғын – белгілі онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
3. Мұханов Көшер – геология – минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
4. Әбділдин Мейірхан – физика- матиматика ғылымдарының докторы, профессо.
5. Қазиқанов Рәшит – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
6. Сәбитов Мұрат – философия ғылымдарының докторы.
7. Ахметжанова Зәуреш – филология ғылымдарының докторы.
8. Арынғазин Қанапия – физика- матиматика ғылымдарының кандидаты, доцент.
9. Қабылқақов Қайырден – техника ғылымдарының кандидаты.
10. Хамитов Мейрам – физика – математика ғылымдарының докторы, доцент.
11. Жанбакин Жағыпар — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
12. Марданов Қамалбай – философия ғылымдарының надоты.
13. Төпенов Сембай — экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
14. Жүсіпбеков Болат – химия ғылымдарының кандидаты, доцент.
15. Мұхтаров Мағзұм – физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
16. Табылдин Мәжит – тарих ғылымдарының кандидаты.
17. Марданов Жеңіс- техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
18. Кудерин Марат – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
19. Сақанов Қуандық – техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
20. Арынғазин Асқар – физика математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
21. Қабаева Жұлдыз – филология ғылымдарының кандидаты.
22. Нұрғалиева Жанна – медицина ғылымдарының кандидаты.
23. Баяхметов Қуаныш – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Өнерпаздар.

1. Нұрлыбек Баймұратов – Қазақ ССР –іне еңбек сіңірген өнер қайраткері, әйгілі айтыскер ақын.
2. Шахан Мусин – Қазақстан Республикасының халық әртісі.
3. Байғабыл Жылқыбаев – атақты әнші.
4. Қожан Мұхтарұлы – сұлу дауысты әнші болған, шамамен 1908 жылы туып, 1930 жылы павлодардың ақ түрмесінде аштық жариялап өлген.

Әртүрлі сирек қасиеттердің иегерлері.

Алтынбай Бытықұлы- көз байлаушы(гипноз) әсерлі өріс иегері (экстрасенс), қыста мұзды ойып суға шомылатын (морж). 19 ғасырдың ортасында өмір сүрген.
Арын Сүлейменов – (1877-1937жж) – қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, белгілі онголог, ғалым, профессор, Арғын Сүлейменовтың әкесі.
Садық – емші, тамыршы. Адамның тамырын ұстап отырып, сырқатын емделу жолдарын айтып беретін нағыз емші болған. Талай адамның тамағына (мойнына) шыққан бездерді сылып алып тастаған.
Шәкіртінің бірі – Санира апай.
Құнанбай, Талас – бақсылар. Асатаяқ ұстап, сары ала қамшы үйіріп, пері, періштелерді шақырып зікір салған, ауруларды сауықтырған. Мұндай бақсыларды «қарабақсы» деп атайды.
Қайса – (1878-1976) – көріпкел, болжай білетін адам, әртүрлі нәрсені білдіріп, сездіріп тұратын қасиеттері бойына қонған әулиелі бақсы.
Қайса бақсы

Балуандар

Сүлеймен (Бекбаудың Сүлеймені) – Кентүбек болысындағы әйгілі түйе балуан, атақты Малайсары батырдың ұрпағы.
Мұқыш пен Мұхамедия Бісмілләұлдары,ақсақалдардың айтуынша Мұқаштың күш-қуаты бойын кернеп, отырғызбайды екен. Екі көзі қызарып белдесетін кісі таба алмай, ауыл-ауылдарды айлап аралап, күресіп қайтатын көрінеді.Мұқаштың жауыры жерге тимей кетіпті.
Мұхамедия балуан дене бітімі шөккен түйедей, бет әлпеті көз сүріндіретіндей торсық шеке, жал тұмсық, көзі үлкен, қияпатты адам еді.

Май ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар саны

Ұлы Отан соғысы жылдарында Май ауданынан Отан қорғауға 1338 адам шақырылды. Олардан 508 адам хабарсыз кетті, 349 адам қаза тапты. 481 адам елге оралды.

Ауған соғысы

Алыстағы Май ауданының жас азаматтары Кеңес Одағы еріксіз танған, ең бір әділетсіз, масқара соғысқа – ауған соғысына қатысты. Көктөбе орта мектебінің түлектері Ерсін Мұқашев, Асқар Әбдірайымов ауған соғысында ерлікпен қаза тапты. Аудан орталығында оларға көше берілді. Ауған соғысы азаматтардың жүрегінде сақталады.

Ауғанстандағы соғысқа қатысқан азаматтар тізімі:

1. Әмірин Қажыбай — Акишман ауылы.
2. Ковальчук Сергей Романович – Көктөбе селосы
3. Семенюк Борис Николаевич – Көктөбе селосы
4. Накенов Бақытжан Жанатайұлы – Көктөбе селосы
5. Косдаулетов Нұрлан Махметұлы – Баскөл ауылы
6. Сүйіндік Әндерұлы Қайырбаев – Малайсары ауылы
7. Мұсабаев Ерсін — Акжар ауылы
8. Теміржанов Қанат Жамсапұлы — Жұмыскер ауылы
9. Егінбаев Әсет Төлеуғалиұлы – Май ауданы
10. Жанақов Ертай Нұртайұлы – Акжар ауылы
11. Мұхаметсейітов Қалижан – Каратерек ауылы
12. Тлеубаев Оразбек – Кентубек ауылы

 

Мұрағат құжаттарында

1939 жылдың  16 қазан  күні  Май ауданы үшін ерекше күн. Дәл осы күні Қазақ ССР Жоғарғы  Советінің Президиумы Павлодар облысында Май ауданын құру жөнінде Жарлығын жариялды. Жоғарғы Советтің Президиумы өзінің өкімімен Павлодар обласындағы жаңадан құрылатын аудандарды құруға байланысты арнайы ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітіп, оның төрағалығына Жұмасейітовті, хатшылығына Чекушінді бекітті.  Осы ұйымдастыру  комитетінің 1939 жылғы 1 карашадағы №602 Қауылысымен жаңадан құрылған Май ауданының  ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіліп, оған мына адамдар енгізілген: Т.Рахымов – ұйымдастыру комитетінің төрағасы,   Ә. Ысмаылов – ұйымдастыру бюросының хатшасы, М.Лукаин – НКВД-ның  аудандық бөлімінің бастығы, Ә. Раздыков аудандық жер  бөлімінің менгерушісі. 

Аудан құрылғанда оның құрамында 23 колхоз болыпты, оның 19-ы Бесқарағай, 2-і Баянаул, 2-і бұрынғы Каганович (қазіргі Ақсу) аудандарынан бөлінген.

Ауданың жер көлемі 5,7 мың шаршы километр құраған, халқы 7513 адам болған. Халық ағарту саласында 20 бастауыш , 4 орталау мектеп болған, оның ішінде бір бастауш, бір орталау мектебінде сабақ орыс тілінде, жүргізілген. Қалған 21-і қазақ тілінде мектептері.

Мойке рудниктері 1929 жылы ашылып, жыл сайын 150-200 мың тонна отқа  төзімді ақбалшық  өндірген. Бұл рудник Кузнецк металлургия  заводын балщықпен қамтамасыз өткен.

Жамантұз көмір орынын пайдалану 1888-1901 жылдары бастапты. Оның көмірі Қарқаралы түбіндегі мыс қорыту заводына жеткізіліпті.

Жамантұздың көмір қоры геологтар Афанасьев пен Егоровтың болжамы бойынша аумағы 500 шаршы километрлік 250 миллион тонналық көмірлі апан көрінеді.

Аудан құрылған жылы колхоздарда 48268 бас түлік болған екен. Оның ішінде жылқы – 1412, ірі қара – 5505, қой мен ешкі – 21240, түйе 297 бас болыпты, қалғаны Лацис атындағы совхоздікі.

Егістік көлемі  17692 гектарға жетіпті. Оның ең көбі тары дақылы көрінеді.

Мәдени-ағарту мекемелерінен 15 клуб, 3 оқу үйі, 9,3  мың кітап  қоры жұмыс жасаған.

Денсаулық сақтау орындарынан 5 орындық 2 дәрігерлік амбулатория,  5 фельдшерлік пункт болыпты. Медициналық қызметкерлердің жоғарғы буынынан бүкіл ауданда 2 дәрігер болған.

Көмір өндіруші  кәсәпорнының алғашқы директоры Головченконың мәліметіне қарағанда Жамантұздың  алғашқы құрылған жылы 375 адам тұрғыны болған. Оның 196-сы балалар, 69-ы үй-шаруасындағы әйелдер, бесеуі инженер-техниктер, 82-і жұмысшылар, 21-і мұғалімдер, сауда және қызмет көрсетушілер. Ұлттық құрамына келсек – 308 қазақ, 41-орыс, 26 – басқа ұлт өкілдері Жамантұзда тұрыпты.

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында: 3 –ЗИС-5, 3-ГАЗ  АА автомашиналары, бір 15 метрлік транспортер, екі насос, екі механикалық лебедка болған. Оншама байлық емес. Дегенмен Жамантұз кәсіпорнының ұжымы алғашқы күндерінен-ақ екпінді еңбекке дағдыланған. Тарихи құжаттарға үңілсек кәсіпорын 1939 жылы жылдық жоспардағы 6000 тоннанаң орнына 10245 тонна көмір өндірген. Мұның тек қана 2745 тонннасы сатылып, 1940 жылдың басына 7500 тоннасы ешқандай жөнелтілмей қалған. Сол жылы көмір өндіру жоспары 10 мың тоннаға белгіленіп, ол 10365 тоннаға орындалады. Ертіс өзені арқылы бұл көмірдің 1865 тоннасы жөнелтіледі. Екі жылдық көмірдің қалдығы 17 мың тоннаға жетіп, тұтынушыларға жөнелтілмей қалады. Бұдан кәсіпорын орасан шығын шегіп, жұмысшылардың еңбек ақысына төлеуге қаржының жетіспеушілігіне ұшырайды.

1945 жылдың көктемінен ауданда  егіннен мол өнім жінау жөніндегі звеношылар қозғалысы кең өріс жайды. Ауданда оның қатары 29-ға жеткен.

Ол звенолардың қарауында егін көлемі аудан бойынша 1353 га құраған: оның 554-і бидай, 745-і тары , 12,5 га – арпа, 28-і-сұлы дақылдары. Әрбір звенода 5-8 адамнан болған.Егіс көлемі 70-120 гектарға жеткен. Звено мүшелері егістік жерлерге қыс бойы тыңайтқыш төккен, көктемде барлық жұмыстарды өздері атқарған. Еңбек нәтижесі өнім алу көрсеткішмен бағаланған.

Егістік көлемі де өсе түскен. Мысалы, 1940 жылы аудан қолхозшылары мемлекетке 9237 центнер артық тапсырса, 1943 жылы бүл көрсеткіш 28772 центнерге жетіп, 274 процентке өскен. Ал 1940 жылы мемлекетке 1845 центнер ет сатылса 1946 жылы 2419 центнерге жеткен, яғни 41 процентке өскен. Сүт 1940 жылы 3558 центнер болса 1946 жылы 5737 центнер құраған, немесе 49 процентке өсті. Қоғамдық мал басы да көбейген. Ірі қарамал 1940 жылы 3988 бастан 1946 жылдың бірінші жартыжылдығында 4866 басқа жетіп, 22 процентке өсті. Қой-58, жылқы – 120, түйе – 9 процентке артты. 1940 жылы аудандағы барлық түліктің саны 19682 бас болса, 1946 жылы 28279 басқа жетті.

1964 жылдың аяғында Май ауданын қайта құру туралы Қазақ ССР-і Жоғары  Советінің Указы жарияланды. Аудан халқы бұл хабарды жылы қабылдады. Тек қана аудан орталығын Май селосында емес, Белогорье болуы кейбір азаматтардың мәжіліс мінберлерінен кері пікірлер білдірумен тынды.

Ауданның құрылым жүйелерін түгендеген аудан басшылығы мәдени-әлеуметтік мәселелерге ден қойды. Жаңадан құрылған аудан орталығында өзінің ірге тасын 1961 жылы ғана қалаған «Белогорье» совхозынан басқа ештене жоқ еді. Совхоздың өзі әлі аяғынан қаз тұрған жоқ. Ауданның алғашқы құрылу жылдарының  бар ауртпалығын «Жалтыр» совхозының өз мойынына алуына тура келді. Екі қатарлы шаруашылық кеңсесі аудандық партия комитетінің, атқару комитетінің, ауыл шаруашылығы басқармасының тұрағына айналды. Аудандық басқа мекемелер мен ұйымдар да Жалтырда, Белогорьеде жайғасты. Қызметкерлер бірлесіп жатақханаға, таныстарына жайғасты. Бірақ ешкім тұрмыстың, немесе қызметтік қиындықтарын көлденең тартқан емес.  Әркім қызметін адал, беріле атқарды.

Бірінші кезекте, хатта Белогорьеде 640 орындық мектеп үйін, балабақша, кең экранды кинотеатр салуды 1965 жылдың аяғына дейін аяқтау ұсынылды. Мұның құрылыстарын жүргізетін трестер мен СМУ-лар да аталды. Сондайақ 1965 жылдың көктемі мен жазында аудан орталығында екі қатарлы сегіз пәтерлі және осыншама төрт пәтерлі үйлердің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру міндеті қойылды.

2005-2006 оқу жылына ауданда  15 жалпы білім беру мектептері жұмыс істеді, оның ішінде 13 орта, 2 бастауыш. Аудандық жалпы білім беру мектептері тіл  құрылымына байланысты 10 қазақ, 4 аралас және 1 орыс тілінде оқытатын  мектептерге бөлінеді. Оқушылар контингенті 2217 құрайды.

Ауданда жалпы білім беретін мектептермен қатар 3 мектептен тыс  мекемелер жұмыс істейді: балалар өнер мектебі, аудандық оқушылар үйі, «Балдәурен» бала-бақшасы. Мектептерде 341 мұғалім жұмыс істейді, олардың 246 жоғарғы кәсіби білімді, 91 кәсіби орта және 4 жалпы орта білімді. Ауданның кейбір мектептерінде жеке пәндерді терең зерделеу сыныптары енгізілген. Барлық мектептер компьютермен қамтамасыз етілген, 13 мектеп Интернет  жүйесіне қосылған және Интернет жүйесіне қосуға екінші телефон байланысы орнатылған. Мектептерде 15 компьютер сыныптары бар. Жалпы компьютер саны 146.

Ауданда 1 стадион 19 спорт  залдары, 8 ату тирі, 94 қарапайым спорттық ойын аландары жұмыс істейді. Көктөбе ауылында Қ. Түйтебеков атындағы «Жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын бар, онда оқұтышу-тренерлер құрамы 13 адам. Мектепте айналысатын контингент  саны 200 адам. 9 секция жұмыс істейді.

Жергілікті өндіріс орындары – Мойке руднигі мен Май селосындағы темірбетон жабдықтары цехтары да мемлекеттік жоспарларын дер кезінде орындаумен көзге түсті. Отқа төзімді балшықты Батыс Сібір металл қорыту комбинатына су жолымен  жіберуде кідіріс болған емес. Жыл сайын 122,9 мың тонна балшық жөнелтіліп тұрған. Ал  Май темірбетон жабдықтары цехы үш жылда 3966 текшеметр құрастырмалы темірбетон, 3025 дана ірілі – ұсақты блоктар  құйып шығырған.  Бұл екі кәсіпорында жүздеген адамдар ұзақ жылдар еңбек жасады.

Аудан өмірінде әңгімеленіп отырған кезең мал шаруашылығың бір ірі саласы-қой шаруашылығының  одан әрі өрістеуіне жаңа қозғалыстың қосылуы,  жастардың араласуымен ерекшеленді.

«Белогорье» совхозы сүт өндіруші шаруашылық. Осындағы бір топ сауыншылар сүт бұлағын тасқындатуды алдарына міндет етіп қойды. Олардың әрқайсысы әр сауын сиырдан жыл сайын 2500-2800 литр сүт саууды көздеп, өз құрбыларын осындай нәтижелерге жетуге шақырды. Сауыншы Бибіәсима Хисматуллина сол жылдары әр сиырдан 3000 литр сүт сауған аудандағы тұнғыш сауншы еді. Әрине, сүт молшылығы өздігінен келмейді. «Сиырдың сүті – тілде» дегендей, оны күте, баға білу керек. Бұл орайда сауыншылар аз еңбектенген жоқ.

Бүкіл саналы ғұмырын осы салада, малшы қызметінде өткерген Халел Исабаевтің еңбегі шексіз  еді.

Ауданда 5 асыл тұқымды – репродукторлы шаруашылықтар бар: «Дархан» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын өсіруге мамандандырылған, «Май» шаруа қожалығы еділбай тұқымды етті-майлы қой өсіруге, «Ақтай» шаруа қожалығы, «Ақшиман» шаруа қожалығы және «Ақжар-Өндіріс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік – «Жәбе» тұқымды қазақтың жылқыларын және еділбай тұқымды қой өсіруге бағытталған.

Аудан халқының бір үміті салынып жатқан Ақсу-Курчатов теміржолында. Теміржолдың іске қосылуы біраз да болса адамдарға жұмыс орнына айналады. 1999 жылдың өзінде мұнда 30 адам жұмысқа тартылды. Аудан аумағындағы разъездер мен станцияларға көмір және басқа жүктер келіп түсуі ықтимал. Ал әзірше Көктөбедегі № 29 кәсіптік-техникалық мектеп теміржол жөндеушілер мен бригадир  мамандарды оқытып шығаруда. Теміржол құрылысының жұмыстары 1999 жылдың маусым айында аудан аумағында жаппай жүргізіле бастады.

Өмір – тіршілік арқауы. Бұл екі  ұғым бірімен бірі  тығыз байланыста. Оны жеке қарауға болмайды. Бүгінгі аудан тұрғындарын  өмірі мен тіршілігі одан әрі жалғасуда.

Алда көптеген міндеттер тұр. Ол – «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы. Біздің ұрпақтарымыз осы бағдарламаның орындауына жұмыла атсалысып, жемісіне уысын толтырса аға ұрпақтың  болашақ алдындағы жауапкершілік  сезімінің іске асқандығы.

Май ауданының мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің  инфраструктурасында 22 мәдениет ошақтары бар, оның ішінде 1 аудандық  мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері, 4 ауылдық клуб , 1аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі және 10 ауылдық кітапхана.

2010 жылы  тағыда 5 ауылдық кітапхана ашылды, олар Босшада, Еңбекшіде, Жанатілекте, Ақсарай, Абайда.

Аудандық орталық кітапхана сәуір айында Интернет жүйесіне қосылды.

Ауданда 9 мешіт жұмыс істейді (Малайсары, Қаратерек, Кеңтубек, Ақшиман, Саты, Баскөл, Көктөбе , Май, Жұмыскер ауылдарында), олар  әділет органдарында тіркеуден өтті, 3 саяси партия («Нұр Отан» республикалық саяси партия, «Ауыл» социал-демократиялық партия,  «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы),  2 қоғамдық бірлестіктер – «Жанашыр» қайырымдылық қоғамдық қоры, «Майталман» қоғамдық жастар бірлестігі,  одан басқа «Жас Отан»  жастар қанаты, аудандық ардагерлер кеңесі,  мұсылман әйелдер лигасы іс-әрекет жасайды.

2006 жылы Темір жолы вокзалы ашылды.

2007 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылды.

2008 жылы Көктөбе ауылында 350 орынды мемлекеттік тілде мектеп ғимараты ашылды.

2008 жылы «Ақ желкен» жазғы балалар демалыс лагері ашылды.

2008 жылы «Ақжар-өндіріс» жауапкершілік шектеулі серіктестігінде консерві шығыратын, тері өндейтін, тігін цехтары ашылды.

2009 жылы Көктөбе ауылында 75 орындық аурухана ашылды.

2009 жылы  Көктөбе селосында Хоккей корты ашылды.

2009 жылы «Ақжар-өндіріс» жауапкершілік шектеулі серіктестігінде    асфальт зауыты ашылды

2010 жылы Босшада, Еңбекшіде, Жанатілекте, Ақсарай, Абайда     кітапханалар ашылды.

2010 жылы Көктобе орталығында «Ақбота» балабақшасы ашылды.

2011 жылы  наурыз айында Көктобе ауылында «Тарихи- өлкетану мұражайы» ашылды.

2011 жылы Кентубек, Баскөл ауылдарында  монша ашылды.

2012 жылы «Айгөлек» балабақшасы ашылды.

2014 жылы Көктөбе орталығында наубайхана ашылды.

6 шілдеде 2015 жылы аудан орталығы Көктөбе ауылында аудандық Ардагерлер орталығы ашылды.

2015 жылы 25 қыркүйек Ақжар ауылында жаңа мешіт бой көтерді

2015 жылы 25 желтоқсан күні Баскөль ауылында ашылған наубайхана жұмыс істей бастады.

2016 желтоқсан 10 желтоқсанда аудан орталығы Көктөбеде омыртқа ауруларын емдейтін еліміздегі алғашқы мемлекеттік орталық ашылды.

2016 жылы 13 желтоқсан ет өндеу цехы ашылды.

Тарих және мәдениет ескерткіштері

Басентиын руынан шыққан атақты батыр Малайсары (1700 – 1750 жылдар) жоңғарға қарсы шайқастарда қазіргі Май ауданының аумағында дүниеге келген.

Тарихи тұлғалар және білімді адамдар

Шыңғылбаев Қажен (атағы 1948 жылы берілген).
Ладыгин Виктор (атағы 1966 жылы берілді).
Жингилбаев Қажен (1948 жылы берілген).
Ладыгин Виктор (1966 жылы берілді).

Социалистік Еңбек Ерлері

Шыңғылбаев Қажен (атағы 1948 жылы берілген).
Ладыгин Виктор (атағы 1966 жылы берілді).
Жингилбаев Қажен (1948 жылы берілген).
Ладыгин Виктор (1966 жылы берілді).

Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкерлері

Баттасов Мулімқайыр, «Қызыл – Кураминский» совхозының бөлімше басқарушысы (атағы 1973 жылы берілген).
Галимуллин Эльдар, «Казанский» совхозының тракторшысы (атағы 1974 жылы берілген).
«Қызыл – Кураминский» совхозының комбайны Дирксен Иван Иванович (атағы 1974 жылы берілген).
Жарылғасинов Әнуарбек, Киров атындағы совхоздың аға шопаны (атағы 1970 жылы берілген).
Зозуль Анатолий Васильевич, «Жалтырский» кеңшарының тракторлық бригадасының бригадирі (атағы 1962 жылы берілген).
Курманов Сартай, «Майский» совхозының аға табыншысы (атағы 1980 жылы берілген).
Шакиров Қайролла, «Казанский» совхозының малшысы (атағы 1975 жылы берілген).

Баттасов Мулимкаир,» Қызыл – Құрама » совхозының бөлімшесі басқарушысы (1973 жылы берілген).
«Қазан» совхозының тракторшысы (1974 жылы берілген) Галимуллин Эльдар.
«Қызыл – Құрама» совхозының комбайны (1974 жылы берілген) Дирксен Иван Иванович.
Жарылғасинов Әнуарбек, Киров атындағы совхоздың аға шопаны (1970 жылы берілген).
Зозуль Анатолий

Ғалымдар

Абдильдин Жабайхан Мубаракович, уроженец села Майтубек Майского района, доктор философских наук с 1968 года, профессор с 1980 года, лауреат Государственной премии Казахской ССР с 1984 года, вице – президент Академии наук Казахской ССР с 1986 года.
Абдильдин Жабайхан Мубаракович уроженец села Майтубек Майского района, с 1968 года доктор философских наук, с 1980 года профессор, лауреат Государственной премии Казахской ССР, с 1984 года вице – президент Академии наук Казахской ССР.

English EN Қазақ тілі KK Русский RU