Біздің мекен-жайымыз: Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 40

Май ауданының " Орталықтандырылған кітапхана жүйесі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қолбасы мұнарасы

Май ауданы «Қызыл еңбек»  ауылының маңында «Қолбасы мұнарасы» орта ғасырлықтану – мемориалды ғимараттар кешенін, қимақтар мен қыпшақтардың, ғұн-сарматтардың заманының, сақ дәуірінің қорған молаларын, қола дәуірінің қоныстары мен молаларын зерделеу жөнінде экспедициялар өткізді.

Қайса Нұрғазыұлы

1878-1976 жылдары  қазіргі Павлодар облысы Май ауданының тумасы, руы Найман, оның ішінде Жәуетей, Пір-иелері. Мұғызар (қыз) мен Уайқан (ұл). Арғы атасы Елқонды аруақты, ірі бақсы болған. Қайсекеңе арнайы келетін адамдар негізінен әртүрлі ауруғашалдығып, дертке-шипа, жанға-дауа іздеушілер болатұғын.

       Атап айтқанда:  көтерме, елірме сияқты ақыл-есінен алжасып, психикалық ауруларға шалдыққандар. Мұндайа ауруларды дәрігерлер емдей алмай, көбінесе жындыханаға    жіберетіні белгілі; 
●қол-аяғының жаны кетіп, бет-аузы қисайғандар, шемен, күйдіргі сияқты сирек кездесетін         аурулар; 
●көңіл-күйі бұзылып ішқұса, уайым-қайғы т. С.с. рухани дертке шалдыққандар; 
●мал-мүлкінен    айрылған, жоқ   іздеушілер; 
● әр түрлі мұқтажы (балаға, медетке, батаға т. Б.) бар адамдар, болашағын болжағысы         келетіндер,т.б. 
     Осындай мұқтажы бар адам келе жатса, Қайсекең алдын-ала сезіп-біліп мазасызданып, бір орнында отыра алмай, қозғала бастайды екен. Қайжақтан келе жатқанын да болжап: «Шайларынды дайындай беріңдер. Қазіркеледі» — дейді екен. Немесе: «Көлігі болдырып, өзі шөлдеп келеді. Атқамініп, сусыналып, пәленше жолдан қарсы ал»— деп баласын жібереді екен. Май ауданы Ақшиман ауылында 2002 жылы «Қайса ата мешіті» бой көтерді.

Қалмаққырылған тауы

Қалмақ қырылған, Қалмаққырған — Қазақстанның әр түкпірінде кездесетін жер атаулары.

Қалмаққырылған шайқасы.

Жантүршігерлік күйзеліске түссе де, қазақ халқының ер азаматтары жаудан жасқанып, бас сауғаламады. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары, Жасыбай сияқты батырлар жасақ құрып, майданға шықты бұлар  шапқыншыларға қарсы күрестің ұйытқысы, ерен күші болды.

Қазақтың да титықтап қалған кезі. 1741 жылғы анталап келген Жоңғарды ертістен асырып тастауға шама келмей қалған. Соған  байланысты жау Баянауылының шығыс жағындағы 80 шақырымдай жердегі Серіктас тауын станға айналдырып аланына он жылдай болға. Осы уақытта ойдан-қырдан жиналған жоңғарлар осы жерге келіп паналай берген және қазақ елінің шығысындағы жұрттың мазасын алудың залалды ұясына айналған. Енді осы ұяны түбірімен талқандау керек болды.

Елқамы, халық үміті жігерлендірген Олжабай батыр Ақтау, Ортау, Қоянды, Қарқаралы өңірлерінде жауға қарсы шабуылға шыққанда, Жасыбай батыр бастаған қол қалмақтың Ежен ханы орда құрған Баянауылды азат етуге аттанды. Тау-тасты паналап, азық-түлік пен оқ-дәріні қамдап алған жоңғарлықтар да қайсарлықпен қарсылық білдіріп, он күндей берілмеген екен…

Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың сүйегін жартасты таудың төбесіне қояды. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар қабір басына белгі ретінде үш түп жас қайын егеді. Сол қайындар әлі өсіп тұр. Сол жер  Жасыбай асуы деп аталады. Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай көлі аталсын деп ұйғарды. Содан бері Жасыбай көлі аталады.

Жасыбайдың кегін қуған Олжабай батыр Серіктас бекінген жау қолын қырып, Ежен ханның ордасын талқандайды. Бұл жерді халық «Қалмаққырылған», «Қалмаққырған» атап кеткен. Қалмаққырылған тауы Баянауылдың күн шығысына таман 80 шақырымдай жерде. Қалмаққырғанның баурайында қазір Павлодар облысы Май ауданының «Ақшиман» ауылы орналасқан.

 Қалмаққырылған

/аңыз/

Жаугершілік заманда қазақ пен қалмақ жиі соғысқан екен. Содан Ақшимен тауларында қалмақтар мен қазақтар екі жұмадай ма, одан да көп уақыт па соғысады. Бір күні қалмақтар тау үстіне шығып, ағашты айналдырып белгі береді. Онысы екі жақ та демаламыз дегені. Содан бір күні таудың үстінен қара құс ұшады. Оны қалмақтар бүгін қазақ соғысады дегенге болжайды. Түні бойы ұйықтамай, соғысқа дайындалады. Ертеңгісінде соғыс басталып кетеді. Қазақ пен қалмақ бір-біріне тойтарыс бере алмайды. Ақшимен таулары дөңгелене орналасқан. Ортасында 500 әскер сыярлықтай орын бар екен. Күн батыс жағынан ғана кіретін жол бар. Сол орында қалмақтың бес жүз қолы орналасыпты. Сол тауларды Малайсары батыр басқарған қазақтың қолы қоршап алып, қалмақтарды ешқайда шығармай қояды. Қалмақтар таудың ішінде аштан қырылып өледі. «Қалмаққырылған» деп аталуы осыдан екен.

Бабалар сөзі: Топонимдік аңыздар Т.80.- 155 бетте

Бәкі Басарұлының зираты Май ауданы, Кеңтүбек ауылы

Бәкі Басарұлы (1807, Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек ауылы — 1861) — би, шешен. Әкесі – Басар би, атасы – Тілеке батыр.

Бәкі би ауыл молдасынан хат танып, 1819 жылы Омбыдағы бұратаналар мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, ел билеу жұмысына араласады. Бәсентиін руының төбе биі Қазанғап Сатыбалдыұлы өне бойы өзінің алғыр әрі шешен інісі Бәкіні жастай жанына ертіп жүреді. Бәкі би қазақша әрі орысша жүйрік, жан-жақты білімі бар, зиялы адам болған. 1824 — 26 жылдары айдабол руының төбе биі Шоң Едігеұлы, бәсентиіннен Қазанғап пен Бәкі би, қаржастың төбе биі Шорман Күшікұлы, қуандық және қанжығалы руларының жетекші билері бас қосып, Қарқаралы округінен дербес дуан ашып, дуан орталығын Баянауылдан салу, аға сұлтанды ақсүйек емес, қарадан сайлау жөнінде ортақ пікірге келеді. Бәкі би әрдайым адамгершілікті, береке-бірлікті, татулықты жоғары ұстаған. Бәкі Басарұлы қазақтың арасында белді, беделді тұлға, би болған. Ертіс бойына қоныс тепкен қазақтың мүддесін қорғап отырған.

Әбділдә (Ақбалық Хазірет)

(1833 – 1918)

Бытының алты баласының ең кенжесі Әбділдә (кейінгі аты – Ақбалық хазірет) дүниеге шамамен 1833 жылдары келсе керек. Әбділдәнің жасы 20-ға толған кезде елде үлкен жұт болып, ол туған жерімен қоштасып, кетуге мәжбүр болады. Жаз бойы бір сартқа жалдамалы жұмыс істеп, Тәшкентке мал айдайды. Сөйтіп, жүріп Тәшкенттің медресесіне оқуға түсіп, онда 3 жыл оқиды. Үйрене келе қойды Бұхарға айдайтын болады. Бұхардың медресесіне де оқуға түсіп, 12 фәнді тәмамдап, барлығы 21 жыл оқудың нәтижесінде 44 жасында хазірет атағына ие болады. Ел адамдарының айтуынша хазіреттің алтын мөрі (алтын медаль сияқты) болған екен. Бұхарда 2-3 жыл қызмет атқарғаннан кейін ол сұранып елге оралады. Бестаудың жанынан (Сарытауда) мешіт-медресе салдырып, сол өңірдегі ауылдардың балаларын оқытады, елге ислам дінін, имандылықты уағыздайды. Ол кісі сырым ішінде Тоқсан, оның ішінде Қысырау.

         1905 жылы ақ патшаға қарсы мұсылманның туын көтеріп, мұсылмандарды біріктіру туралы уағыз айтқан.

Абылайханның демалған жері

Қазіргі Май ауданы Баскөл ауылының қырында 11-12 шақырым жерде Абылай деген жер бар. Бұл жерде кезінде Шабанбайдың қоныс жайлауы болған. Шабанбайдың руы – Бәсентиін, оның ішінде Күшік Кенжебай. Шабанға 12 мың  жылқы бітіпті. Баскөл мен Шыған ауылының арасындағы Қараой – Жырық деген жерден (Қоржынбай жайлауы) жылқыларын сәскеде Ертістен суарып болған соң иірген кезде «Қараой толса жылқым түгел», -дейді екен. Мыңдаған жылқының тұяғы, Қараойға жиналған қардың суы қойсын ба, өзен жиегіндегі тік жар жыра болған, мал емін-еркін су ішкен. Сондықтан бұл жердің аты Жырық аталған. Бүгінде Көктөбе – Ақсу бағытындағы Қара жол Бозша ауылына кейін 1,5 шақырым жерде Қараойды басып өтеді. Бір жылы көктемде Шабанбайдың көшіне жанында 500 әскері бар Абылай сұлтан кездеседі. Абылайды ақ туынан таныған Шабан тез арада құдықтарды қаздырып жіберіп, биелерді сауғызып, 500 адамға сойыс әзірлейді, 2-3 бойы жорықтан келе жатқан батырлардың бабын тауып, капысыз күтеді,  Аылай ханға көрсеткен сый-сияпаты өзі басқа, 500 жауынгерге бір-бірден біркелкі қара көк ат жетектетеді.

(«Жер ортасы Көктөбе» Қайыр Жұмжанов 2014 ж, 138 бет.)

Тастағы суреттер. Май ауданы Малайсары ауылы

Малайсары ауылдық округінің аумағында Кемертұз өзенінде қола дәуіріне жататын тас суреттері орналасқан, сол шыңдарда жануарлар суреті бейнеленген (жылқылар).

English EN Қазақ тілі KK Русский RU