МАЙ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ
Оқырмандарға
Май ауданының ОКЖ кітапханаларының пайдалану ережелері
Май ауданының ОКЖ кітапханаларының пайдалану ережелері кітапханалық қорға қолжеткізу тәртібін, негізгі қызмет тізімдерін, кітапхана көрсететін және оларды ұсыну шарттарын, кітапхана мен оқырмандар құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін – оқырмандарға қызмет көрсетудің жалпы тәртібін айқындайтын құжат болып табылады.
Оқырмандар құқығы
Ауылдың әрбір тұрғыны жынысына, жасына, ұлтына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси сеніміне, дініне қарамастан кітапханалардың кітапханалық қызмет көру құқығына ие.  Балалар мен жасөспірімдер жасындағы оқырмандар орталық кітапхана мен филиалдардың бөлімдерінде кітапханалық қызмет көру құқығына ие.

Жасының ұлғайғанына немесе денсаулық жағдайларына сәйкес келе алмайтын тұлға ОКЖ-і қорынан стационардан тыс қызмет көрсету түрі арқылы құжаттарды алуға құқылы.

Барлық пайданалушылар өздерінің қажеттілігі мен мүддесіне сәйкес кітапханаларға еркін қол жеткізуге және таңдау құқығына ие.

Барлық пайдаланушылар кітапханалардан төмендегі аталған ақпараттарды тегін алу құқығына ие:
—     кәртішкелік түрде ұсынылған каталогтар мен картотекалар жүйесі арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпарат алуға;

—     кітапханалық есепте тұрған кітапханалық  қормен басқа да құжаттарды уақытша пайдалануға;

—     кітапхана, кітаптармен ақпаратты өз бетінше пайдалану дағдысын игеру және білуде практикалық көмек алуға;

—     әдебиеттерді пайдалану мерзімін белгіленген тәртіпте ұзартуға;

—     баспасөз шығармаларын және ақпараттың басқа да көздерін іздестіру мен таңдауда кеңестік көмек алуға;

—     жүйе ішіндегі кітапханааралық абонементі бойынша кітаптар және басқа да баспасөз басылымдары мен құжаттарын алуға.

Оқырман міндеті
Оқырмандар міндетті:

— кітапхана қорынан алынған кітаптарға, басқа да басылымдар мен материалдарына ұқыпты қарауға;

— оларды белгілі мерзімде кері қайтаруға;

— оқырман формулярына тіркелмеген басылымдарды ғимараттан алып шықпауға;

—      баспа құжаттарына белгі қоймауға, сызбауға, парақты жыртпауға немесе бүктеуге, ашық қолжетімді қордың тәртібін бұзбауға;

—      каталогтар  мен картотекалардан кәртішкелерді суырып алмауға;

—      ОКЖ мүлкіне ұқыпты қарауға, кішіпейіл болуға және қоғамдық тәртіп ережесін бұзбауға;

—      арнайы киім шешу орнында сыртқы киімін  және сөмкесін қалдыруға;

—      кітапхана ережесімен танысуға;

Кітапты, басқа да баспа өнімдерін алу кезінде оқырман оларды мұқият қарап, егер қандай да бір ақауды байқаса, дереу кітапханаға хабарлауы тиіс.

Жыл сайын оқырман өзін куәландыратын құжатты және оған барлық бекітілген әдебиеттерді көрсете отырып, қайта тіркеуден өтуі тиіс. Кітаптарды,  басқа да баспа өнімдерін пайдалану мерзімін бұзған жағдайда, оқырманға кітапхананың уақытша пайдалану құқығын айыру түріндегі белгіленген тәртіпте әкімшілік шара қолданады.

Кітапты басқа да баспа өнімдерін жоғалтқан немесе қасақана емес жағдайда бүлдіргенде оқырман оларды сондай басылым мен немесе кітапханашы теңдей дәрежеде деп танығанымен алмастыруға міндетті.

ОКЖ кітапханаларын пайдалану ережесін бұзған, немесе оған зиян келтірген оқырман кітапхананың пайдалану ережесінде белгіленген мөлшерде өтейді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қызмет көрсетілмейтін оқырмандар:
—      мас күйінде;

—      сырт келбеті жалпы қабылданған гигиеналық тәртіпке сәйкес келмейтін  және өзге оқырмандарға қолайсыздық тудыратын;

—     оқырманға қызмет көрсету аясында ұялы үнсандықты пайдалануға тиым салынады;

Кітапхана міндеттері
Кітапханалар міндетті:

—      пайдаланушылардың ОКЖ қорындағы ақпараттар мен құжаттарға еркін қолжеткізу құқығын жүзеге асыруы үшін барлық жағдайды жасауға;

—        жаңа жазылған оқырмандарды ОКЖ кітапханаларын пайдалану ережелерімен таныстыруға;

—      оқырмандар сұраныстарын зерттеп, неғұрлым толық қанағаттандыруға;

—      оқырмандарға жоғары мәдениетті қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

—        ұсынылатын қызметтің барлық түрі бойынша оқырмандарды дер кезінде  ақпараттандыруға;

—   каталог пен картотекаларды пайдалануға, ұсынуға, басқа да библиографиялық ақпараттандыру түрлерін жүзеге асыруға;

—        кеңестік жұмыс жүргізуге, қажетті басылымдарды іздестіруде көмек көрсетуге;

—      кітапты насихаттауды жүргізуге, оқырмандарды кітап оқуға тартуға;

—      әдебиеттердің тақырыптық көрмелерін ұйымдастыруға;

—       библиографиялық шолулар жасауға;

—      ақпарат күндерін, әдеби кештер, оқырмандар конференциясын өткізуге;

—     озат компьютер технологиясын енгізу жолымен оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық  қызмет көрсетуді жетілдіруге;

—       берілген кітаптарды, басқа да басылымдардың кітапханаға дер кезінде қайтарылуын жүйелі бақылап отыруға;

—      оқырманды жыл сайын қайта тіркеуді жүргізуге;

—     кітапханалық қорларды сақтауға және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге;

—      кітапханашы босатылатын кітаптың жай күйін тексеруге міндетті.

 

ОКЖ кітапханаларына оқырмандарды жазу ережесі
Кітапханаға жазу оқырмандардың жеке басын куәландыратын (төлқұжат, жеке куәлігі) құжаттарын ұсыну, он төрт жасқа дейінгі балалар — жеке басын куәландыратын (туу туралы куәлік) құжаттар және олардың заңды өкілдері (ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлға) негізінде жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, еңбек ардагерлері кезектен тыс қызмет көрсету құқығына ие.

Әрбір оқырманға арнайы оқырман формуляры толтырылады. Ол — кітапхананы пайдалану құқығын айқындайтын, оқырманға кітап  берілген күні мен фактісі және оны кітапханашының қабылдағанын растайтын құжат болып табылады. Кітапханаға жазылу кезінде оқырман формулярды рәсімдеуге қажетті мәмілелерді хабарлайды.

Кітапханаларға жазылу кезінде пайдаланушы ОКЖ кітапханаларды  пайдалану ережелерімен танысуы және оларды орындау туралы міндетін оқырман формулярына өз қолын қою арқылы куәландыруы тиіс. Тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған, фамилиясын өзгерткен және басқа да өзгерістер болған жағдайда пайдаланушы бұл туралы кітапханаға хабарлауы тиіс.

Абонементті пайдалану ережесі
Абонемент — белгілі бір мерзімге және белгілі жағдайда кітапханадан тыс пайдалану үшін құжаттарды беру қызметін жүзеге асыратын кітапхананың құрылымдық бөлімшесі.

Ауданда тұрақты тіркелген барлық азамат ОКЖ-де жазылу ережесі бойынша тіркеліп, абонементті пайдалану құқығына ие және абонементті  пайдалану тегін.

Пайдаланушының бір мезгілде үйге, бес баспадан аспайтын туынды немесе басқа да материалды 30 күн мерзіміне дейін алуына болады.

Қажет болған жағдайда оқырман 30 күн өткен соң да шығармаларды пайдалану мерзімін ұзартуға құқылы.

Жоғары сұраныстағы әдебиет оқырманға ұзарту құқығынсыз 10 күнге дейінгі мерзімге беріледі.

Оқырман мынадай жағдайда абонементті пайдалану құқығынан айырылады:
— кітапқа ұқыпсыз (кітапханашының формулярға белгісімен әлденеше рет ескерткен жағдайда) қарағаны үшін 3 ай мерзімге дейін;

— кітапхана қорынан кітапты тіркеусіз өз бетінше алып шыққаны үшін -1 жыл мерзімге дейін.

Оқырман әрбір абонементтен алған құжат үшін қол қоюға міндетті. Кітапты оқырман тікелей кітапханашыға тапсыруы тиіс. Құжаттың қайтарылғандығы кітапханашының қолымен белгіленеді.

Оқырманға кітап басқа да материалды беру пайдалану мерзімі аяқталған кітаптарды, басқа да  құжаттарды қайтарғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Оқырмандардың пайдалану ережесі
Оқу залы – кітапхана ғимаратында құжаттарды пайдалану мүмкіндігін  ұсынатын кітапханалардың  құрылымдық бөлімшесі.

Оқу залы жеке басының куәлігін растайтын құжатын ұсынуы бойынша барлық келушіге тегін қызмет көрсетіледі.

Энциклопедиялар, анықтамалық басылым, сирек және құнды кітаптар сондай-ақ КАА бойынша алынған басылымдар тек оқу залында беріледі. Оқу залынан кітапты немесе басқа да құжаттардың көшірмесін жасау үшін алып шығуға тиым салынады.

Тігіндіден газетті, сондай-ақ тақырыптық папкіден материалдарды шығарып  алуға оқырманға тиым салынады.

Оқу залында шулауға, өзгелердің жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне тиым салынады.

Май ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапханалары пайдаланушыларының жауапкершілігі
Осы ережені бұзған, кітапханаларға залал келтірген оқырмандар мен пайдаланушылар Қазақстан Республикасы заңнамасында және Май ауданының ОКЖ кітапханаларды пайдалану ережесінде қарастырылған шеңберінде жауапкершілікке тартылады.
English EN Қазақ тілі KK Русский RU